«Дикий Арманды» қамау мерзімі 7 қаңтарға дейін ұзартылды

'Дикий Арман' деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұл туралы 6 желтоқсанда Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Тергеу органдарының Ж.-ке қатысты қамауда ұстау мерзімін 12 айға, яғни 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.