'Дикий Арман' екі айға қамалды
Нұр-Сұлтан сотының санкциясы бойынша 'Дикий Арман' лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиев екі айға қамауға алынды.
Алматы, NEGE. "Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі", - делінген хабарламада.
Соталды тергеп-тексерудің өзге деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.