Диетолог алманы кімдерге көп жеуге болмайтынын айтты

Диетолог дәрігер Елена Соломатина алманы кімдерге көп жеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды RT порталы.

Алматы, NEGE. Маманның айтуынша, жаңа піскен алманың құрамында көптеген органикалық қышқыл бар, ол метаболизмді тездетеді.

“Қышқылдар бір жағынан пайдалы болса, екінші жағынан қышқылдығы жоғары адамдарға зиян. Әсіресе қышқыл алманы аш қарынға жегенде кері әсері болады", - дейді маман.

Асқазан-ішек жолдары зақымданған адамдар алманы сақтықпен жеуі керек. Ал кейбіріне мүлдем жеуге болмайды немесе тек пісіріп қана пайдаланған жөн. 

Соломатинаның айтуынша, алма – төмен калориялы және пайдалы өнім. Алайда қант диабетімен ауыратындар өте тәтті алманы сақтықпен тұтынғаны абзал. Мұндай алманың құрамында сахароза бар.

Маман алманың пайдалы жеміс екенін, оның құрамында дәрумендер, полифенолдар, биофлавоноидтар, сондай-ақ қан тамырларын нығайтатын және қабынуды басатын кверцетин бар екенін айтады. 

"Алмада жасұнық, еритін пектин де бар. Ол метаболизм процесінде түзілетін артық холестеринді, уыттарды (токсиндерді), эндотоксиндерді шығарады", - деді диетолог.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады