Диас Досқараев қызметінен кетті

«Диас Досқараев шетелге оқуға кетуіне байланысты Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті қызметінен кетт»і, – деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Федерацияда Диас Досқараев еңбек жолын «Team Kazakhstan» академиясының жетекшісі ретінде бастап, содан кейін атқарушы директор қызметін және 2016 жылдан бастап Федерацияның вице-президенті қызметін атқарып келді. Танымал қазақстандық теннисші Қазақстан Республикасының және бірқатар ірі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы.

Диас Досқараев кәсіби жаттықтырушы ретінде жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Алты жыл бойы ол Дэвис кубогы мен Федерация кубогының ұлттық құрамасының капитаны болды.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді

Қырғызстанда министр қоғамдық орында шылым шеккені үшін жазаланды