Диана ханшайымның жемпірі аукционда 1 млн долларға сатылды

Диана ханшайымның қойдың суреті бар жемпірі Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында 1,14 млн долларға сатылды.

Алматы, NEGE. Аукционды ұйымдастырушылар бастапқыда британдық ханшайымның жемпірін 50-80 мың долларға бағалаған. Жемпір сырттай сауда-саттыққа 31 тамыз күні шығарылған және аукционның соңғы минуттарына дейін ұсынылған ең жоғары баға 200 000 доллар болған. Алайда аукционның соңына таман сатып алушылардың бірі — бес жарым есе көп соманы ұсынған. Sotheby’s жомарт жанның есімін құпия қалдырып отыр.

Айта кетейік, бір қара және бірнеше ақ қой бейнеленген қызыл жемпірді марқұм Диана ханшайым 1981 жылы киген.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді