Diamond Princess кемесінде Қазақстанның 4 азаматы бар

Diamond Princess лайнерінде Қазақстанның 4 азаматы бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.

Алматы, NEGE. «Жапония жағалауындағы Diamond Princess круиздік лайнерінде 50 мемлекеттің 3 700 азаматы оқшауланғаны белгілі. Олардың ішінде коронавирус жұқтырған 174 жолаушы анықталып отыр. Лайнерде Қазақстан Республикасының 4 азаматы да бар. Олардың жағдайы жақсы, вирустан дін аман. Карантин 19 ақпанда аяқталады», – деді Диас Ахметшәріп. Жапонияның Kiodo агенттігінің хабарлауынша, Diamond Princess лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны 219-ға жетті.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін