Diamond Princess кемесіндегі карантин тоқтатылды

Жапонияда тұрған Diamond Princess кемесіндегі карантин 14 күннен кейін алынып тасталды. Жолаушылар жағаға шыға бастады.

Алматы, NEGE. Кемеден бірінші шыққан адам – кейуана. Ондаған автобус туристерді күтіп тұр, деп хабарлайды РИА Новости.

Жалпы, бортта 3700 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Сейсенбі күнгі кешкі мәлімет бойынша, 542 адамның вирус жұқтырғаны анықталған. Кемеде 4 Қазақстан азаматы бар. Олардың екеуі – әйел адам, екеуі – кәмелетке толмаған балалар.

Кемеде шыққандар медициналық мекемелерге орналастырылады, делінген хабарламада.