Диабетке шалдыққандар инсулин таппай жүр
Біздің елдегі дәріханаларда инсулин тапшылығы байқалады.
Алматы, NEGE. Қант диабетіне шалдыққандар дәріні қара нарықтан қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр. Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар инсулинді кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін алады. Бірақ емханаларда берілетін дәрі бәріне бірдей келе бермейді. Бұған дәрінің құрамы себеп болуы мүмкін дейді мамандар. Мысалы, 2019 жылы осы емханаларда берілетін оригинал препараттарды биосимилярларға алмастырған. Сондықтан кей науқастар инсулинді өз қаражатына сатып алатын болған. Науқастар жыл басында ол инсулинді 19 мың теңгеге сатып алса, соңғы айда тапшы болып кеткен. Тіпті, кей дәріханаларында бұл препарат жоқ.