ДХР мен ЛХР Киевпен тұтқын алмасуды бастады

Өздігінен егемендік жариялаған Донецк халық республикасы (ДХР) мен Луганск халық республикасы (ЛХР) тұтқында ұстаған азаматтарды украин тарабындағы өз адамдарына алмастыру үшін 29 желтоқсанда уағдаласқан жерге жеткізді.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы ДХР аумағындағы Донецк жаңалықтар агенттігі хабарлайды.  

Украина президенті Владимир Зеленский тәуелсіздігін халықаралық қауымдастық мойындамайтын ДХР және ЛХР тарабымен тұтқын алмасу 29 желтоқсанда өтетінін қуаттады.

ДХР-дың адам құқықтары жөніндегі өкілетті уәкілі Дарья Морозованың сөзінше, Киев Донбасс республикаларына 87 адамды қайтаруы тиіс, ал Донецк пен Луганск 55 адамды тұтқыннан босатпақ.

Соңғы рет ДХР мен Украина екі жыл бұрын, 2017 жылдың 27 желтоқсанында тұтқын алмасқан. Сол кезде украин тарабы Донецкке 160 адамды берсе, Киев 57 адамды қайтарып алған еді. Бұдан кейін тұтқын алмасу мәселесі тоқырап қалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы