Дэвис кубогі: Қазақстан құрамасы финалға шықты

Қазақстандық тенисші Александр Бублик әлемнің сегізінші ракеткасы Каспер Рудтен басым түсті.

Алматы, NEGE. Осылайша Қазақстан Құрамасы норвегиялықтарды мерзімінен бұрын 3:1 есебімен жеңіп, Дэвис кубогінің финалына өтті. Қазақстанның бірінші ракеткасы кездесудің алғашқы кезеңінде-ақ басымдық танытып, 6-да төрт есебімен қарсыластан айласын асырды. Екінші кезеңде норвегиялық 7-де 5 есебімен есе қайтарған. Алайда ойынның үшінші бөлігінде Бублик екі брейк жасап, жеңіске жетті.

Айта кетейік, Дэвис кубогының алғашқы ойын күнінде Бублик Дурасовичтан басым түскен еді. Сол күні Каспер Руд қазақстандық Михаил Кукушкинді жеңді. Осылайша екі ел арасындағы есеп тең түскен. Бірақ ойынның екінші күні  Голубев пен Недовесов Норвегиялық Дурасович пен Братхольмді жеңді. Бубликтің жеңісі Қазақстан құрамасын Дэвис кубогының Мадридте өтетін финалдық кезеңіне алып шықты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды