Дэвис кубогы: Қазақстан Пәкістан құрамасын ұтты

Теннистен Астана қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасы Пәкістанды ұтты.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жарыстың екінші күнінде Александр Шевченко/Тимофей Скатов жұптық сында Акел Хан/Музамиль Муртазамен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық жұп 6:4, 7:6 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, Денис Евсеев пәкістандық Ахмад Наел Курешиді 6:0, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобына қайта оралды.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?