Дэвис кубогы: Қазақстан мен Пәкістан арасындағы матчтың жеребесі тартылды

Астанада Қазақстан мен Пәкістан құрамалары арасындағы Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының плей-офф матчына жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

ҚТФ

Алматы, NEGE. 1 ақпанда алғашқы болып Александр Шевченко өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – Музамиль Муртаза. Одан кейін Beeline Arena алаңындағы орталық кортқа Бейбіт Жұқаев пен Хузайфа Абдул Рехман шығады.

Екінші ойын күнін жұптық ойын бастайды: Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Акел Хан және Музамиль Муртаза жұбына қарсы ойнайды. Одан кейін екі жеке кездесу өтеді – Александр Шевченко Хузайфа Абдул Рехманмен, ал Бейбіт Жұқаев Музамиль Муртазамен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?