Деструктивті діни ағымның екі өкілі ұсталды

Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымды ұстанушы екі тұрғын ұсталды, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қыз

меті.
Алматы, NEGE. «2020 жылғы 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынын ұстады.. (…)9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып, алынды.
«Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықтауда», - делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады