Депутаттың түкірігі – 5 АЕК

Тікелей эфирде түкірген депутатқа 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Полиция видеоны зерттеп, әкімшілік іс қозғаған.

Астана, NEGE. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Екібастұз қаласына барған сапарында тікелей эфирде түкіргені қоғамда қызу талқыға түсті. NEGE тілшісіне берген түсініктемесінде депутат «халықтан кешіріп сұрайтынын» және «өзін халық қолдап жатқанын» айтқан. Алайда ол халықтың не үшін қолдап жатқанын нақтыламады.

Полиция депутаттың түкіргеніне қатысты видеоны тексеріп, оған байланысты әкімшілік іс қозғап, депутатқа «қоғамдық орынды ластағаны үшін» 5 АЕК көлемінде айыппұл салды.