Депутаттардың жұлдызнамасы: Парламентте арыстандар мен тоқты көп

NEGE тілшісі Сенат пен Мәжілісте қызмет атқаратын 146 депутаттың туған күндерін зерделей отырып, Парламент құрамында Арыстан, Тоқты және Мерген жұлдыз белгілерінде дүниеге келгендер жиірек кездесетінін анықтады.

Nege.kz

Астана, NEGE. Парламенттің ресми сайтында жарияланған деректерге сәйкес, қазір Сенатта 49, ал Мәжілісте 97 депутат отыр. Олардың ішінде 16 Тоқты, 14 Арыстан және 13 Мерген бар. 

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Суқұйғыш екен, ал Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Арыстан болып шықты.  

Сонымен, Парламенттегі Тоқтыларды (21 наурыз бен 20 сәуір аралығында дүниеге келгендер) тізіп шығайық. Бұл топқа Павел Казанцев (22 наурыз), Еділ Жаңбыршин (23 наурыз), Болат Керімбек (30 наурыз), Жанарбек Әшімжанов (1 сәуір), Амангелді Нұғманов (3 сәуір), Аян Зейнуллин (4 сәуір), Сергей Пономарев (5 сәуір), Айна Мысырәлімова (8 сәуір), Татьяна Савельева (11 сәуір), Мақсат Толықбай (11 сәуір), Сергей Ершов (11 сәуір), Мұрат Ергешбаев (12 сәуір), Дархан Қыдырәлі (16 сәуір), Сұлтан Дүйсембинов (18 сәуір), Снежанна Имашева (20 сәуір) және Әли Бектаев (20 сәуір) кіреді. Астрологияда Тоқтылар батыл, бастамашыл, тәуекелге жақын адамдар ретінде көрсетілген.

Екінші орында – Арыстандар, 23 шілде мен 22 тамыз аралығында дүниеге келгендер. Олардың қатарында Ерлан Қошанов (14 тамыз), Жақып Асанов (17 тамыз), Андрей Лукин (28 шілде), Ольга Булавкина (7 тамыз), Мұрат Қадырбек (3 тамыз), Айгүл Қапбарова (10 тамыз), Бекболат Орынбеков (4 тамыз), Ерлан Барлыбаев (15 тамыз), Вера Ким (30 шілде), Айгүл Құспан (24 шілде), Ажар Сағандықова (16 тамыз), Кенжегүл Сейітжан (29 шілде), Бауыржан Смағұлов (11 тамыз) және Екатерина Смолякова (2 тамыз) бар. Астрология Арыстандарды көш бастауға бейім, намысшыл, жігерлі адам ретінде бейнелейді. 

Үштікке кіретін белгілердің бірі – Мерген, 23 қараша мен 21 желтоқсан аралығында дүниеге келгендер. Бұл топқа Нұрия Ниязова (24 қараша), Айдарбек Қожаназаров (26 қараша), Айтуар Қошмамбетов (29 қараша), Таңсәуле Серіков (28 қараша), Арман Қалықов (30 қараша), Жанна Асанова (1 желтоқсан), Бибігүл Жексенбай (2 желтоқсан), Магеррам Магеррамов (7 желтоқсан), Ерлан Стамбеков (17 желтоқсан), Сәкен Арубаев (11 желтоқсан), Руслан Рүстемов (13 желтоқсан), Әлішер Сатвалдиев (18 желтоқсан) және Әсем Рахметова (19 желтоқсан) кіреді. Астрологияда Мергендер еркіндікті сүйетін, ашық мінезді, ізденімпаз адамдар ретінде сипатталады.

Ал, Тауешкі белгісі 22 желтоқсан мен 20 қаңтар аралығында туғандарды біріктіреді. Олардың қатарында Тілектес Адамбеков (1 қаңтар), Самат Мұсабаев (1 қаңтар), Асылбек Нұралин (1 қаңтар), Нұргүл Тау (3 қаңтар), Олжас Құспеков (7 қаңтар), Советбек Медебаев (7 қаңтар), Николай Арсютин (13 қаңтар), Олжас Нұралдинов (13 қаңтар), Құдайберген Бексұлтанов (17 қаңтар), Бибігүл Аққожина (20 қаңтар), Айнұр Арғынбекова (22 желтоқсан), Әділ Жұбанов (25 желтоқсан) және Арман Өтегұлов (28 желтоқсан) бар. Тауешкілер салмақты, еңбекқор, жауапкершілігі мол жандар ретінде саналады.

Бикеш белгісіне 23 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында туғандар жатады. Бұл қатарда Аманжол Әлтай (31 тамыз), Ольга Перепечина (23 тамыз), Ерлан Абдиев (1 қыркүйек), Бақтықожа Ізмұхамбетов (1 қыркүйек), Альберт Рау (1 қыркүйек), Еркін Әбіл (4 қыркүйек), Ернұр Айткенов (4 қыркүйек), Дмитрий Колода (8 қыркүйек), Динара Наумова (8 қыркүйек), Азат Перуашев (8 қыркүйек), Айдос Сарым (10 қыркүйек), Ерболат Саурықов (12 қыркүйек), Еркебұлан Мәмбетов (15 қыркүйек) және Серік Ерубаев (16 қыркүйек) бар. Астрологияда Бикештер ұқыпты, сарабдал, іске мұқият қарайтын адамдар ретінде сипатталады.

Балықтар белгісі 20 ақпан мен 20 наурыз аралығында туғандарды қамтиды. Олардың қатарында Абзал Құспан (23 ақпан), Марат Қожаев (23 ақпан), Никита Шаталов (27 ақпан), Нұрсұлтан Байтілесов (3 наурыз), Серік Шайдаров (3 наурыз), Наурыз Сайлаубай (4 наурыз), Дания Еспаева (5 наурыз), Ермұрат Бапи (7 наурыз), Дүйсенбай Тұрғанов (8 наурыз), Шәкәрім Бұқтұғұтов (8 наурыз), Самат Нұртаза (9 наурыз), Ерболат Сатыбалды (12 наурыз) және Әлібек Наутиев (20 наурыз) бар. Балықтар сезімтал, шығармашыл, жан дүниесі бай адамдар қатарына жатқызылады.

Суқұйғыш белгісіне 21 қаңтар мен 19 ақпан аралығында туғандар жатады. Олардың қатарында Мәулен Әшімбаев (28 қаңтар), Гүлдара Нұрым (25 қаңтар), Сұлтанбек Макежанов (26 қаңтар), Бауыржан Қаниев (26 қаңтар), Закиржан Кузиев (30 қаңтар), Қазыбек Әлішев (3 ақпан), Юлия Кучинская (3 ақпан), Данияр Қасқарауов (6 ақпан), Екатерина Смышляева (8 ақпан), Амангелді Есбай (9 ақпан), Берік Бейсенғалиев (12 ақпан) және Ұласбек Сәдібеков (12 ақпан) бар. Суқұйғыштар жаңашыл, еркін ойлайтын, көпшіл адамдар деп айтылады.

Ал, Егіздер белгісі 22 мамыр мен 21 маусым аралығында дүниеге келгендерді біріктіреді. Бұл қатарда Нұртай Сабильянов (1 маусым), Болатбек Нәжметдинұлы (2 маусым), Асхат Аймағамбетов (14 маусым), Бақытжан Базарбек (4 маусым), Асхат Рахымжанов (10 маусым), Алтынбек Нұхұлы (10 маусым), Марат Башимов (12 маусым), Нұрлан Бекназаров (12 маусым), Нартай Сәрсенғалиев (15 маусым), Әбутәліп Мүтәлі (18 маусым), Бекбол Орынбасаров (18 маусым) және Евгений Больгерт (21 маусым) бар. Астрологияда Егіздер алғыр, сөзге ұста, тез бейімделетін жандар ретінде бейнеленеді.

Торпақ – 21 сәуір мен 21 мамыр аралығында туғандар. Олардың қатарында Серік Егізбаев (22 сәуір), Қазыбек Иса (23 сәуір), Нұрторе Жүсіп (29 сәуір), Үнзила Шапақ (30 сәуір), Сергей Карплюк (1 мамыр), Темір Қырықбаев (3 мамыр), Дәулет Мұқаев (4 мамыр), Ләззат Рысбекова (7 мамыр), Нұрлан Бекенов (8 мамыр), Қарақат Абден (7 мамыр), Нұрлан Әуесбаев (17 мамыр) және Мархабат Жайымбетов (17 мамыр) бар. Торпақтар – байыпты, төзімді, тұрақтылықты қалайтын адамдар.

Шаян белгісі 22 маусым мен 22 шілде аралығында туғандарды қамтиды. Бұл топқа Ерлан Саиров (25 маусым), Сүйіндік Алдашев (25 маусым), Нұржан Әшімбетов (26 маусым), Данабек Исабек (27 маусым), Қайрат Тастекеев (27 маусым), Талғат Жүнісов (3 шілде), Лұқбек Тұмашинов (6 шілде), Ислам Сұңқар (12 шілде) және Ирина Смирнова (21 шілде) кіреді. Шаяндар сезімтал, отбасына берік, ішкі түйсігі мықты адамдар ретінде сипатталады.

Сарышаян – 24 қазан мен 22 қараша аралығында дүниеге келгендер. Олардың қатарында Жанболат Жөргенбаев (26 қазан), Жигули Дайрабаев (29 қазан), Сағындық Лұқпанов (5 қараша), Мұқаш Ескендіров (7 қараша), Руслан Қожасбаев (10 қараша), Ринат Зайыт (14 қараша), Дәулет Тұрлыханов (18 қараша), Жарқынбек Амантай (20 қараша) және Қайрат Балабиев (20 қараша) бар. Сарышаян белгісіндегілер өткір мінезді, табанды, ішкі қуаты күшті адамдар деп суреттеледі.

Таразы белгісіне 24 қыркүйек пен 23 қазан аралығында туғандар жатады. Бұл қатарда Ғалиасқар Сарыбаев (24 қыркүйек), Константин Авершин (7 қазан), Максим Рожин (11 қазан), Ардақ Назаров (14 қазан), Наталья Дементьева (18 қазан), Серік Өтешов (20 қазан) және Геннадий Шиповских (22 қазан) бар. Астрологияда Таразылар тепе-теңдікті, үйлесімділікті, парасатты, ұстанымды жоғары қоятын адамдар ретінде сипатталады.

Қазір оқып жатыр

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты