Депутат: Тіл шеруіне жол жоқ, жын шеруіне жол көп!
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса елімізде өткен феминистердің шеруіне қатысты осындай пікір білдірді.
Алматы, NEGE. Сонымен қатар депутаттың Lyazzat Akhatovaның «Азғындықты насихаттайтын шеруді де көз көрді-ау» деген сөзін әлеуметтік желілерде жариялауы да көп жағдайдан хабар береді.
“Әкесін сабағанды көріп едік, бірақ арбаға таңып қойып, сабағанды бірінші көруім”, дейтін сөз бар еді, қазақта, деп жазады желіде Lyazzat Akhatova.
Митингтің, шерудің түрін көріп ек, әйел құқығын, феминизмді сылтауратып, ЛГБТ-ның туын жалаулатып, азғындықты насихаттайтын шеруді де көз көрді-ау. Бұрын ондай шерулерді батыстық елдерден көруші едік, енді қазақ топырағына да жетті. Бабалар қасық қаны қалғанша, күрескен жерімізде, сол батырлардың ориентациясы ауысқан лесбиянка мен гей ұрпағы жер үшін емес, «жатыры» үшін күресіп жатыр. Ананың жатыры – ұрпақ көбейтетін қасиетті жер емес пе? Оны айқайлап айтпаушы еді, санасыз, мәңгүрт қазақтардың арқасында оған да жеттік. Сол жатырдан қанша ұрпақ өрбіп, алтын құрсақты Аналар қазақ деген ұлттың жер бетінен жойылып кетуінен сақтамап па еді?», – деп жазған еді Lyazzat Akhatova.