Депутат Саясат Нұрбектен оқу гранттарының игерілмеуі себебін сұрады
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Ғылым және білім министрін Саясат Нұрбектен оқу гранттарының игерілмеуі себебін сұрады.
Алматы, NEGE. «AMANAT» партиясының бағдарламасы бойынша біз оқытуға бөлінетін гранттар санын жыл сайын 5 мыңға ұлғайтудамыз. Егер Министрлік өткен жылы 20 мың адамды грантсыз қалдырған болса, бұл ұлғайтудан келер пайда қандай? Осы 5 мың гранттың игерілмеу себебін түсіндіріп берсеңіз», – деді Ж.Сүлейменова.