Депутат педофилдердің әрекетіне оқушы қыздардың өзін кінәлады

Қырғызстан парламентінің депутаты Ақбөкөн Таштанбеков қыздардың өзі педофилдердің назарын аударатынын айтты.

Алматы, NEGE. Қырғызстанда Парламенттің Құқықтық тәртіп, қылмысқа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің отырысында депутаттар Қадамжай ауданындағы қыздың өліміне қатысты іс бойынша Ішкі істер министрлігінің ақпаратын тыңдаған. 

Қырғызстандық депутат Ақбөкөн Таштанбеков кейбір оқушы қыздардың тым қысқа белдемше киетінін айтты.

«Өзіңіз айтқандай, интернетте зорлық-зомбылыққа толы мәлімет өте көп. Оны жастар ашық көріп отыр. Біз мигранттарға жұмыс бере алмаймыз, бірақ учаскелік полиция қызметкерлері балаларын тіркеп, оларға қарай алады. Сол учаскелік қызметкерлер мектептерге келіп, мектеп формасын да қадағалай алады. Жақында бір оқу орнына бардым, кейбір оқушы қыздар өте қысқа белдемше киіп жүр. Менің ойымша, кейде қыздардың өздері жағдайды ушықтырады. Қарапайым адам өтіп кетеді, байқамайды, ал педофилдер қыздарды көріп, аңдуы мүмкін», - деді ол. 

Еске салайық, Қырғызстанда Қадамжай ауданында ер адамдар мектеп оқушысын зорлап, өлтірді деген күдікке ілінді. Оқушының денесін Нооғардан ауылы маңынан тапқан, жергілікті тұрғындар оқиға туралы полицияға хабарлаған.

Бойжеткеннің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері болған - оны буындырып өлтірген, қолдары байланған. Айыпталушылардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті