Депутат неге ашулы?

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус індетімен күресу әрекетін сынға алып, керек болса өзі де ерікті ретінде көмектесуге дайын екенін

мәлімдеді.

Aлматы. NEGE. «Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері барлық бюрократиялық құралдарымен көп жағдайда өздері тудырған проблемалардан өздері қашты. Бұған қомақты бюджет қаражатының да қатысы бар. Ешқандай да тегін емдеу мен қолдау көрсету жоқ. Барлығын азаматтардың өздері шешуі керек, - деп жазды Ирина Смирнова Facebook-тегі парақшасында.

Оның пікірінше, әртүрлі ғылыми институттардың, мәселен, ауылшаруашылық, химиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының зертханаларын да бұл іске қатыстыруға болады. «Олар мамандар жетіспейтін зертханаларда талдау жүргізе алады. Тілек білдірушілер бар.  Мен өзім биология пәнінің мұғалімімін.  Бұл пайдалы болуы мүмкін. Қажетті деп тапса, көмектесуге дайынмын», - дейді депутат.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі