Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот үкімі шықты

Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шығарды.

Алматы, NEGE. Дәулет Тұрлыхановтың кенже ұлы 20 жастағы Нұрасыл Болатқа ерлі-зайыпты Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылған. Істің барлық материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдай отырып, сот үкімі шықты. 

«Нұрасыл Болат Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір миллион 700 мың теңге айыппұл салынсын», – делінген үкімде. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды