Депутат Айдос Сарым қанша жалақы алады?

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қанша жалақы алатынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, мәжілісмендер 500-ден 800 мың теңгеге дейін айлық алады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Тілшінің жалақы туралы сұрағына депутат былай деп жауап беріпті: «Мен әлі білмеймін, алған жоқпын. Шынымды айтсам, тұрмыстық мәселелерге жоқпын. Бүгін тұрмыстық мәселелер бойынша отырыс болады. Жалақы қызықтырады, әрине. Бірақ әлі уақыт болған жоқ. Менің әкем ауырып қалды, Алматыда ұзақ уақыт болдым, сондықтан тұрмыстық мәселелермен айналысуға уақыт болмады, үлгермедім. Шамамен қанша болатыны айтылды. Менің ойымша, 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін. Бұл еңбек өтіліне, ғылыми дәрежесіне байланысты.

Шамамен солай, ол үшін профессор болу керек (шамамен 800 мың теңге алу үшін – ред.). Мемлекеттік қызметте 30 жыл жұмыс істеу, генерал болу, атаққа ие болу және тағы басқа. Менде мұндай болмағандықтан маған қатысы жоқ».

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр