Депутат «сол жағалаудағы кофе ішкіштерге» шүйлікті

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Сайыров Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары тұрғындарының әлі күнге дейін тезек пен көмір жағып отырғанын сынға алды.

Мәжілістің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Депутат XXI ғасырда тезекпен, көмірмен отыруды «ұят нәрсе» деп атап, QazaqGaz-дың кей қызметкерлерін қысқартуды талап етті.

«Кеше Президент Тоқаев "ұлттық компаниялардағы кофе ішетіндердің барлығын босатыңдар" деді. QazaqGaz-да он мың адам жұмыс істейді. Өздері 350 млн текше метр газ өндіреді, бірақ он мың адам жұмыс істейді. Жаңа салалық министрлік өкілі Шығыс Қазақстанға газ апараудың ауылы өте алыс екенін айтты. Енді ана кофе ішетін он мың адамды босатып, соның ақшасын газ тартуға жіберу керек. Бұл – халықтың ақшасы. Сондықтан әрбір қадам Президенттің тапсырмасы бойынша халықтың әл-ауқатын арттыруға жұмсалуы керек», – деді Ерлан Сайыров.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ұлттық компания басшысымен қатаң әңгіме болғанын айтқан еді. 

«Компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Менің ойымша, қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей "сол жағалаудың" адамдарына толып қалған. Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады», – деген еді Тоқаев.

Президент «мұның түбі жақсылыққа апармайтынын» баса айтқан.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды