Депутат сиыр сауудан мастер-класс көрсетті

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы облысына сапары барысында шаруашылықтардың бірінде сиыр сауып жатқан видеосын жариялады.

instagram.com/abdenkarakat

Астана, NEGE. Депутат бұрын талай сиыр сауғанын еске алып, бір рахаттанып қалғанын айтады.

«Кезінде біраз сиыр саудық қой. Ұмытып кетті деп ойламаңыздар. Сиыр сауу – әр қазақ әйелінің қанында бар нәрсе. Қанша уақыт өтсе де оны ұмытпаймыз.

Жақында ғана "сиыр саууды сағындым" деп ойлап едім. Релакс деген осы ғой», – дейді Қарақат Әбден.

«Мына сиырдың арманы жоқ» деген желі қолданушылары депутат ханымға жылы лебіздерін білдіріпті.

Қарақат Әбден – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің VIII шақырылым депутаты,  «Ауыл» фракциясының мүшесі.