9 февраля 2026 г. 9:09

Депутат Елнұр Бейсенбаев жаңа қызметке тағайындалды

Фото: parlam.kz

Депутат Елнұр Бейсенбаев ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 

Астана, NEGE. Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы 27 маусымда Кентау қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Ол әр жылдары Алматы қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарды.

Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Amanat партиясының атқарушы хатшысы болды.