Депутат әйелдердің жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды: Премьер не дейді

Премьер-министр Олжас Бектенов кейбір әйелдерге табысын сақтай отырып, қысқартылған жұмыс уақытымен еңбек етуге рұқсат беру туралы депутаттардың ұсынысына жауап берді.

Pixabay.com

Астана, NEGE. Бұған дейін бір топ Мәжіліс депутаттары ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған және ауыр науқас туыстарына қарайтын әйелдердің жұмыс уақытын азайтып, бірақ жалақысын қысқартпау мүмкіндігін қарастыруды, икемді жұмыс сағаттары немесе күндері тетігін енгізуді ұсынған болатын. 

Алайда Үкімет басшысы бұл бастама кері әсер етуі мүмкін деп санайды. Оның айтуынша, егер кейбір қызметкерлер басқаларға қарағанда аз жұмыс істеп, бірақ жалақыны толық көлемде алатын болса, бұл ұжымда теңсіздік тудырып, теріс нәтижеге әкелуі ықтимал.

Премьер-министр сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыс беруші қысқартылған жұмыс күні үшін жалақыны толық төлеуге құқылы екенін, бірақ оған міндетті емес екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады