Депозиттегі ақшаның сыйақысына 5% салық салынатыны рас па: министрлік жауап берді

Бұған дейін әлеуметтік желілерде банктік депозиттер бойынша пайыздарға 5% көлемінде салық салынады деген ақпарат тараған еді.

gov.kz

Астана, NEGE. Ұлттық экономика министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі депозиттері бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды», – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ Үкімет бұл норманың күшін жою және депозиттер бойынша сыйақыларға салық енгізу мәселесін қарастырып жатпағаны мәлім болды.