Денверде 179 адам отырған ұшақ өртенді

Денвер әуежайында ұшу кезінде American Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 Max ұшағының шасси бөлігіне от тұтанып, төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды CBS.

Видеодан скрин

АЛМАТЫ, NEGE. Бортта 6 экипаж мүшесі мен 173 жолаушы болған. Барлығы төтенше сырғанақтар арқылы эвакуацияланды. Бес адамға медициналық көмек көрсетілді, біреуі ауруханаға жеткізілген.

Инцидент салдарынан әуежайда 87 рейс кешіктірілді. American Airlines өкілдері ұшақта ұшу алдында техникалық ақау болып, дөңгелек шинасының зақымданғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта лайнер тексеріске жіберілген.

Пассажирлердің айтуынша, ұшақ ұшу жолағында жылдамдық жинап жатқанда қатты гүрсіл естілген. Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай биыл наурыз айында да Денверде American Airlines әуе компаниясының 178 адам отырған ұшағында тіркелген еді.

Қазір оқып жатыр

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті