Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов қызметінен кетті. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Елорда, NEGE. Шорановтың қызметінен кету себебі «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» деп түсіндірілді.
М.Шоранов бұған дейін Медициналық сақтандыру қорында қызмет еткен. Министрлікке 2020 жылы келді. Әзірге оның қандай қызметке ауысқаны айтылған жоқ.