Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

Нүсіпова Әсем жаңа лауазымды қызметке тағайындалды.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Өкімімен Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысының Өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылғандығын мәлім етті.