Денсаулық сақтау министрі коронавирустың таралуына қатысты пікір білдірді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақты екенін айтты.

Алматы, NEGE. "Бүгінгі таңда Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Республика «жасыл» аймақта. Алматы 4 шілдеден бастап «сары» аймаққа енді, қалада сырқаттанушылар саны айтарлықтай өсті", – деді Ажар Ғиният үкімет отырысында.

Жағдайлардың 80%-ы вакцина салдырмаған немесе алты айдан кейін қайта салдырмағандар. Көбісі жеңіл түрімен ауырып жатыр. Бүгінде республика бойынша 220 науқас стационарда ем қабылдап жатыр, оның 11-інің жағдайы ауыр, бірақ ӨӨЖ аппаратына қосылған науқастар жоқ.