Денсаулық сақтау министрі Ясауи университетінің Клиника-диагностикалық орталығын аралады

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Түркістан облысына жасаған іс-сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне арнайы келді.

gov.kz

Түркістан, NEGE. Министр Ақмарал Әлназарова оқу ордамыздың Клиника-диагностикалық орталығын аралап, жұмысымен танысты.Таныстыруға университеттің басшылық құрамы мен Клиника-диагностикалық орталық қызметкерлері мен дәрігерлері, Медицина факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Министр Клиника-диагностика орталығындағы озық технологиялармен қамтамасыз етілген бөлімдерін аралады. Атап айтқанда: Қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту бөлімі, Микробиология лабораториясы, Адам мофологиясы және физиологиясы кафедрасының жұмыстарын көрді.

Фото: gov.kz

Сондай-ақ, университеттің Медицина факультетінің студенттеріне арналған мол мүмкіндіктері, клиниканың алдағы уақыттағы жоспарлары мен жаңа жобаларын тыңдап, жоғары бағасын берді.

Министр Ақмарал Әлназарова оқу орда мен Клиника-диагностикалық орталығының ісіне сәттілік тіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр