Денсаулық сақтау министрі учаскелердегі дәрігерлерге қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова учаскелердегі дәрігерлерді өзіне тән емес функциялардан босатып, олардың еңбегін ынталандыру шарттарын қайта қарау қажет екенін айтты. Бұл туралы ведомствоның ресми сайты хабарлады.

youtube.com/@pmkz

Аламты,NEGE. Денсаулық сақтау министрі Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, облыс халқымен кездесуінде жалпы практика дәрігерлеріне жағдай жасау керек екенін айтты.

"Денсаулық сақтау жүйесіндегі біздің міндетіміз – медициналық қызметтердің көлемін арттыру ғана емес, ең алдымен олардың сапасын қамтамасыз ету. Біз емханалардағы жалпы практика дәрігерлеріне жүктеме көтерілмейтінін көріп отырмыз, пациентті емдеуге аз уақыт қалады, оны өзіне тән емес функциялардан босатып, учаскелердегі дәрігерлердің еңбегін ынталандыру шарттарын қайта қарау қажет", - деп атап өтті ведомство басшысы өңір тұрғындарының алдында сөйлеген сөзінде.

Министр жұртшылыққа арнаған сөзінде ведомствоның медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік беретін сындарлы диалогқа, ұсыныстар мен бастамаларға ашықтығы мен дайындығын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған