Денис Теннің өмірден өткеніне екі жыл

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өмірден өткеніне бүгін екі жыл.

Алматы, NEGE. Спортшы 2018 жылдың 19 шілдесі күні Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында автокөлік ұрыларының қолынан жараланып, қайтыс болған еді.

Денис Тен сол күні аталмыш көшелердің қиылысындағы кафеден күндізгі сағат үштер шамасында шығады. Екі жігіттің көлігінің айнасын қолды еткелі жатқанын көрген спортшы сол жерде ұрыларға қарсы шығып, жарақат алады. Ал жедел жәрдемді қансырап жатқан 25 жастағы спортшыны көрген жаяу жүргіншілер шақырады.

Үш литр қан жоғалтқан спортшы ауруханаға 2018 жылдың 19 шілдесі күні сағат 15:23 шамасында жеткізілген.

Дәрігерлер Денис Теннің жағдайын ауыр деп бағалап, аман алып қалу үшін барын салған. Алайда мәнерлеп сырғанаушы сол күні кешкі сағат 17:30-да қайтыс болды. 21 шілде күні Қазақстан жұртшылығы Сочи олимпиадасының жүлдегері Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған