Денис Теннің өліміне қатысты іс қайта қаралмайтын болды
Естеріңізде болса, өткен аптада Nege.kz порталы Денис Теннің ісі қайта қаралуы мүмкін екені туралы жазған. Денистің анасы Оксана Тен сотқа арыз түсіріп, істі қайта қарауды талап еткен-ді.
Алматы, NEGE. Оксана Тен ұлы ұрылардың қолынан қаза тапқан күні оқиға орнында болған екі полицейдің үстінен арыз түсірген. Бұған дейін полицейлердің ісін сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жүргізіп, істі тоқтатқан. Міне, осыған наразы болған Оксана істі қайта қарауды талап еткен-ді.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Оксана Теннің арызын қанағаттандырмау туралы қаулы шығарды. Енді ол үш тәуліктің ішінде қаулыға байланысты жеке шағым түсіре алады.