Денис Теннің құрметіне мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында мәнерлеп сырғанаудан танымал спортшы болған Денис Теннің құрметіне халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.

Алматы, NEGE.  «Отандық спортта ел намысын қорғап, көк туымызды желбіретіп жүрген спортшылар баршылық. Соның бірі Денис Тен. Спортшы қысқа өмірінде әлемдік ареналарда Әнұранымызды ойнатып, туымызды желбіретіп үлгерді. Денис Теннің құрметіне орай спорт қауымдастарымен бірлесіп кең ауқымды шара өткізгелі отырмыз. Негізі өткен жылға жоспарлаған едік, пандемияның салдарынан кейінге шегеруге тура келді. Әрине Денис Теннің құрметіне бұған дейін де түрлі шаралар өтіп жатыр, бірақ олар әуесқой деңгейде», - деді Ақтоты Райымқұлова елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында.

Министрдің айтуынша, «Denis Ten Memorial Challenge» атты мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Және ол 28-31 қазан күндері елордадағы «Барыс Арена» спорттық кешенінде өтеді.

Айта кетсек, министрлік ұйытқы болған шараны Ұлттық Олимпиада комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қолдап, «Денис Тен қоры» қоғамдық мекемесі ұйымдастырып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды