Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді

14 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Мұз айдындағы шоуда атақты мәнерлеп сырғанаушылар мен Денистің достары өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Татьяна Волосажар мен Максим Траньков, Кейтлин Уивер мен Эндрю Поже, Джереми Эбботт, Екатерина Гордеева және тағы да басқалар. Бағдарлама мақсаты – Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортын дамыту, еліміздегі туризмді, басқа да елдермен ынтымақтастықты дамыту. Мұз шоуы елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде сағат 18:30-да басталады.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты