Денис Никиша әлем кубогінде қола алды

Қазақстан құрамасының қоржынына әлем кубогінде шорт-тректен алғашқы медаль түсті.

Алматы, NEGE. Аталған сында шорт-трекші Денис Никиша үздік үштіктен табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Сеулде өткен әлем кубогі кезеңінде 500 метрлік сында отандасымыз қола медаль қанжығалады. Оның уақыт көрсеткіші - 41.525. 

Осы қашықтықта алтын қытайлық Лю Шаоангке бұйырса, Оңтүстік Корея спортшысы күміспен күптелді. 

Айта кетелік, бұған дейін Денис Никиша Қазақстан командасының мүшелерімен бірге Монреальда (Канада) өткен әлем кубогінің қола медалін жеңіп алған еді. 

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды