Денис Кузин төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы да жүлдемен толықты деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Ерлер арасында 1000 метрге жарысудан қазақстандық Денис Кузин алтын жүлдегер атанды. Ол АҚШ және Тайпей спортшыларының алдын орады. 

Әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден Екатерина Айдова жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жеңімпаз Тайпей спортшысынан 1.04 секунд ұтылып, күміс медаль иеленген. 

Ерлер арасындағы командалық жарыста Канадаға есе жіберген Қазақстан құрамасы екінші орыннан көрінді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр