Денис Евсеев теннистен Президент кубогының чемпионы атанды

Қазақстандық, әлемнің 412-ракеткасы, 30 жастағы Денис Евсеев Астанадағы Президент кубогы үшін өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің финалында жеңіске жетті.

Алматы, NEGE. Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда рейтингіде 550-сатыдағы өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен кездесті. 

Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 0:5 есебімен ұтылып тұрып, кейін 7 геймді қатар жеңіп, сетті алды.

Екінші сетте өзбекстандық 6:2 есебімен басым түсті.

Үшінші, шешуші сетте Денис Евсеев 6:4 есебімен жеңіп кетті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр