Денис Никиша шорт-тректен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Никиша 500 метр қашықтықта екінші орынға ие болды. Ол мәреге 40,096 уақыт көрсеткішімен жетті.

Бірінші орынды канадалық Стивен Дюбуа (40,008) иеленсе, үздік үштікті нидерландтық Йенс Ван Т’Ваут (40,163) қорытындылады.

Айта кетейік, өткен жылғы әлем чемпионатында да Никиша күміс медаль жеңіп алған болатын. Ол ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізген алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді