Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Түркиядағы турнирдің финалына шықты

Түркияда грек-рим күресінен ірі рейтингілік турнир жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Демеу Жадыраев финалға шықты. 77 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Демеу жартылай финалда түркиялық Серхан Акконюнді ұтты. Ақтық сында Жадыраев тағы бір түркиялық спортшы Байракпен кездеседі. 60 келідегі Мейрамбек Айнағұлов пен 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов қолаға таласады. Айдос Сұлтанғали жұбаныш белдесуінде бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды