Демеу Жадыраевтың алғашқы бапкері шәкіртінің жеңісін ерекше толқыныспен тамашалады (видео)

Демеу Жадыраевтың финалға өткен жарысын тамашалаған алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғанбеков оның жеңісін ерекше толқыныспен тамашалап отырған видеосы жарияланды. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Жұмахан Тұрғанбеков Жадыраевты Жетісу өңіріндегі Үшарал ауылында баулыған алғашқы бапкері.

Естеріңізде болса, грек-рим күресінен  Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты.

77 келі салмақта сынға түскен Демеу жартылай финалда әзербайжандық Санан Сүлеймановтан басым түсті.