Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Тұрар Қазанғапов

Алматы, NEGE. 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Демеу финалда жапондық Нао Куссакиге есе жіберді.

Араға жиырма жыл салып, грек-рим күресінен Олимпиаданың финалында белдескен Демеу Жадыраев отандық спорт тарихына есімін алтын әріптермен жазды.

Бұған дейін қазақ балуандары Олимпиаданың финалынан үнемі сырт қалатын.

Демеу Жадыраевты алтынға пара-пар күміс жүлдесімен құттықтаймыз!

Қазір оқып жатыр

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін

Қарағанды облысында екі мотоцикл бір-біріне соғылып, жүргізушілері қаза тапты