Демеу Жадыраев әлем чемпионы атанған қырғызстандық қарсыласын айналдыра лақтырды

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жықты.

gov.kz

Алматы, NEGE. Есеп: 3-1.

Финал жолдамасын Демеу Әзірбайжан өкілі Санан Сулейманов Золтан Леваи (Мажарстан) екеуінің біреуімен сарапқа салады.

Отандасымыз қырғызстандық қарсыласын төрттағаннан көтеріп алып, айналдыра лақтырды.