4 ноября 2022 г. 12:50

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото:

Синоптиктер 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. «5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында – қатты қар, 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 07-08 қарашада елдің оңтүстік облыстарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, өңірдің солтүстік жартысында қарлы боран болады. 7 қарашада Солтүстік-батыс антициклонының енуімен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Ауа температурасы:

батыста түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 0-10 жылыдан 2 аяз – 5 жылыға дейін біртіндеп төмендейді;

солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 6 аяз-5 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 3 аяз-5 жылыдан 5 аяз -2 жылыға дейін аздап төмендейді;

шығыста түнде 3 аяз-5 жылыдан 7 аяз -2 жылыға дейін, күндіз 5-11 жылыдан 3 аяз -5 жылыға дейін аздап төмендейді;

орталықта түнде 0-8 аяз, күндіз 3 аяз - 5 жылы;

оңтүстікте түнде 0-10, күндіз 3-12 жылы;

оңтүстік-шығыста түнде 0-8 жылы, таулы аудандарда 0-5 аяз, күндіз 10-15, таулы аудандарда 3-8 жылы болады деп күтілуде.

Тегтер: