Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер 11-13 маусымға ауа райы болжамын ұсынды.
Алматы, NEGE. "Солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың бірігуі ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды. 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі", - делінген хабарламада.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22 30-дан 17 26-ға дейін төмендейді, оңтүстік-батыста ауа 25 35-ке дейін, солтүстікте 20 28-ден 25 30-ға дейін жылынады.
«Елдің шығысында 28 37-ден 24 33-ке дейін төмендейді, республика орталығында 22 30-дан 27 32-ге дейін көтеріледі, оңтүстікте 35, оңтүстік облыстарда республика бойынша 25 35-тен 20 30-ға дейін төмендейді», - деп ескертті синоптиктер.