Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы белгілі болды
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 6-8 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алматы, NEGE. Демалыс күндері еліміздің басым аумағында күн жаңбырлы болады.
Алдағы күндері Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында күн ашық.
«Елдің қалған бөлігінде күн жаңбырлы. Кей өңірде найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауады, жел соғады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін», - деп хабарлайды Қазгидромет.
Температуралық фон: Күндіз батыста 30... 37°С, оңтүстік-батыста 27... 37°С, солтүстік-батыста 27... 35°С, солтүстікте, шығыста 22.. 30, орталықта 20... 28, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 30... 35°С, таулы аймақтарда 25°С шамасында.