Демалыс күндері жауын-шашын болады

Алдағы тәуліктерде Жерорта теңізінен ауысқан циклон Қазақстанның басым бөлігіне көп мөлшерде ылғал әкеледі.

Алматы, NEGE. 5 наурызда батыста және оңтүстік аймақтарда жауын, 6 наурызда еліміздің солтүстігі мен орталығында қар аралас жаңбыр жауады. Сонымен қатар көктемнің алғашқы аптасының соңына қарай республика бойынша тұман, көктайғақ болжанды. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын соғады.