Демалыс күндері той өткізгендер айыппұл төлейді

Солтүстік Қазақстан облысында демалыс күндері екі мейрамханада той өткізілген.

Алматы, NEGE. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс күндері Петропавлдағы «Эмират» және «Созвездие» мейрамханаларында той өткен. Онда 100-ден астам адам жиналған. Бұл – карантин талабын бұзу болып есептеледі. Облыстың бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Тойдың үстінен түскен учаскелік инспекторлар хаттама толтырып, әкімшілік шара қолдану үшін оны СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберді. «Іс-шараны ұйымдастырушылар жауапкершілікті түсінбейді. Біз халық көп жиналған ойын-тойды тоқтатып, қонақтарды таратамыз. Өйткені қауіпті ауру тойға келгендерге, оларға қызмет көрсетіп жүргендерге жұғуы мүмкін. Енді мейрамхана иелері де, тойды ұйымдастырушылар да айыппұл төлейді», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин. Демалыс күндері сондай-ақ түнгі сағат 00.00-ден кейін екі сауна жұмыс істеген. Жалпы СҚО-да қыркүйек айында карантин талабын бұзудың 99 дерегі анықталды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты