Демалыс күндері коменданттық сағат енгізілді

Короновируспен күрес әлемнің әр құрлығында аса маңызды болып отыр, деп хабарлайды Хабар-24.

Алматы,  NEGE. Еуропа мен Америкада ғана емес, қазір Азия құрлығында да коронавиурспен күрес маңызға ие болып тұр.

Мысалы, кешелі бері Иордания билігі де қатаң санитария талаптарын енгізді. Мақсаты түсінікті, тұрғындар арасында қауіпті вирус таралуын тежеу. Жаңа ережеге сай, адамдардың көшеге шығуына толық  тыйым салынды. Көшеде тек медициналық қызметкерлер мен эпидемиологиялық зерттеу жүргізетін мамандар ғана жүре алады. Полиция коменданттық сағат қағидаттарына сай тәртіптің сақталуын қатаң қадағалайды. Мектептерде сабақ жұмадан бастап белгісіз уақытқа тоқтатылды.

Студенттер қашықтан оқуға көшірілді. Айта кетейік, Иорданияда коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша күн санап артып келеді. Қазіргі кезде 23 мың 998 дерек тіркелді. 181 науқастың қайтыс болғаны жайында хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді